Астанада тұрғын алаптарының тағы бір бөлігі газға қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Агроқалашық және Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарының тағы бір бөліктері газға қосты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтанда Қазақауыл, Ақбидай шағынаудандарында, сондай-ақ қаланың Потанин көшесінің ескі бөлігінде көгілдір отынды бере бастау жұмыстары жүріп жатыр.

Қазір Нұр-Сұлтанда газға Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Промышленный, Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс елді мекендері, сондай-ақ ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 екі жылу электр орталығы қосылды. 650 км кварталішілік газбен жабдықтау желілері салынды.
«Осылайша, қазір елорданың 11 мың үйі газға қосылуға қол жеткізе алады. Газбен жабдықтаудың ішкі желілерін дайындаған тұтынушылар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға өтініммен жүгінуі қажет.

Жыл соңына дейін Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендері газбен қамтамасыз етіледі», - деді әкімдіктен.

Естеріңізге сала кетейік, газдандыру – Елбасының ауқымды жобасы, ол қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Қаланы газдандыру мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында.


Соңғы жаңалықтар