Астанада сыртқы жарнамадағы 1,5 мыңнан астам қате түзетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы сыртқы жарнама мен визуалдық ақпарат бойынша 2,5 мыңнан астам эскиздік жарнама жобаларына сараптама жүргізілді, деп жазады «Вечерняя Астана» газеті.

Осылайша, жарнама мәтіндеріндегі 1510 қате түзетілді, деп хабарлайды басылым.

«Елордадағы «Сарыарқа» ауданында рұқсат етілмеген жарнамамен күрес басталды», - деді аудан әкімі Арман Тұрлыбек.

Рейдке қатысушылар көптеген бұзушылықтарды анықтады. Шағын және орта бизнестің көптеген нысандары сыртқы безендіру кезінде қарапайым талаптарды сақтамайды. Заңнамаға сәйкес, елді мекендерде визуалдық жарнама тек қана жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ілінеді.

Соңғы тексеру нәтижесі бойынша мақұлданбаған жүздеген сыртқы жарнама анықталды. Бұдан бөлек, оларда қателер көп кездеседі. Мысалы, Өндіріс тұрғын үй алабындағы сыртқы жарнамалар мәтінінен 50 шақты қате табылған.

Фото: davebrinda.com

Соңғы жаңалықтар