Астанада соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 43% өскен - ВАК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы өтті. Онда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып қалуда: соңғы аптада КВИ-мен сырқаттану көрсеткішінің өсуі 43%-ті құрады, төсек-орын жүктемесінің артқандығы және емдеуге жатқызылатын науқастар санының ұлғаю тенденциясы байқалады.

Кеңесте Денсаулық сақтау министрлігі басшылығы тарапынан қаланың медициналық мекемелері эпидемияға қарсы режимнің бұзылғандығы, КВИ жұқтырған науқастарға медициналық көмектің уақытылы көрсетілмейтіні мен сапасыздығы, сондай-ақ мониторинг топтары жұмысының әлсіреуі, халықты вакциналау бойынша белсенді жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді.

Мамыр айында елорда бойынша халықты КВИ-ға қарсы иммундау көрсеткіші сәуір айымен салыстырғанда 50% төмендеген.

Барлық анықталған кемшіліктер бойынша Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне бір апта ішінде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін оларды жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды.

Бұл мәселе ВАК-тың тұрақты бақылауында болады.


Соңғы жаңалықтар