Астанада Польша тәуелсіздігінің 100 жылдығы аталып өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында Польша Республикасының Қазақстандағы Елшілігі және Ұлттық естелік институтымен (Польша) бірлесе ұйымдастырған «ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы Польша татарларының Польша тәуелсіздігі үшін күресі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференция жұмысына шетелдік және отандық ғалымдар, зерттеушілер, Астананың жоғары оқу орындарының студенттері, Елбасы кітапханасының қызметкерлері, Польшаның Қазақстандағы елшілігі мен басқа да дипломатиялық өкілдер қатысты.

Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы Әмірхан Рахымжанов өзінің алғы сөзінде «Польша мен Қазақстанды еліміздегі мыңдаған поляк диаспорасы, екі халықтың тарихи тағдырларының ортақтағы, сонымен қатар өте жақын рухани әрі мәдени және гуманитарлық қарым-қатынастар байланыстыратынын» атады.

«Қазақстандық-польшалық қарым-қатынастың тарихы тереңде жатыр. Польша тарихы ұлы және трагедиялық парақтарға толы. ХІХ ғасырда Қазақстан аумағына Ресей патшалығынан державаның саяси қарсыластары айдалып кетіп отырған. Бостандық үшін күрес жолындағылардың ішінде поляктар да аз болған жоқ. Оның ішіндегі Адольф Янушкевич секілді поляк этнографтары қазақ даласын белсенді түрде зерттеп, қазақтар туралы көптеген этнографиялық жазба қалдырған. Оның еңбектері бірнеше тілге аударылған. Сол секілді поляк патриоты Бранислав Залеский де қазақ даласына жер аударылып, біздің елімізді 10 жыл аралап зерттеген», - деді Әмірхан Рахымжанов.
null 

Өткенді айта келе Әмірхан Рахымжанов бүгінгі қазақстандық-польшалық қарым-қатынасқа да ойысты.

«Қазақстан мен Польшаның дипломатиялық қарым-қатынасы 1992 жылдың 6 сәуірінде жолға қойған. 1994 жылдың 20 наурызында Қазақстандағы Польша елшілігі ашылды. Екі елдің тиімді қарым-қатынасы тек жағымды бағытта дамып келеді», - деді ғалым.
null 

Сонымен қатар, конференция барысында Қазақстан Республикасындағы Польшаның Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиевич пен Ұлттық естелік институтының Белосток қаласындағы филиалының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Пиотр Кардела алғы сөздерін арнады. Олар өз баяндамасында Польша татарларының Польша тәуелсіздігі үшін күресін тілге тиек етіп, тарихтан сыр шертті.

Сондай-ақ, жиын барысында Польшаның тәуелсіздігіне арналған көрме ашылды.

null 

Соңғы жаңалықтар