Астанада Organic Nauryz Festival эко-өнімдер фестивалі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы сауда орталықтарының бірінде Organic Nauryz Festival эко-өнімдер фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - біздің екінші рет өткізіп отырған фестиваліміз. Оған органикалық, табиғи, экологиялық таза өнім шығаратын және сататын компаниялар қатысады. Бұл жолы да қазақстандық өндірушілердің өнімдері келуішілердің назарына ұсынылып отыр. Біздің негізгі мақсатымыз - халықтың басым бөлігіне экологиялық өнімдерді таныстыру», - деді фестивальді ұйымдастырушылардың бірі Самина Арғынғазина БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
null

Қонақтарға ыңғайлы болуы үшiн көрме аумағы ЕСО терминiне сай келетiн 7 алаңға бөлiнген: EСО-тамақтану, ЕСО-үй, ЕСО-сұлулық, ЕСО-сан, ЕСО-спорт, ЕСО-бала және Made in KZ аймағы.
null

Фестиваль аясында әлем халықтары биінің солисі Анель Марабаева, Almaty Marathon race директоры Салтанат Қазыбаева сынды спикерлер салауатты өмір салтын, эко-мәдениетті, спорт және дұрыс тамақтану салаларын насихаттау мақсатында сөз сөйлейді деп күтілуде.
null

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға қатысушылардың қатары жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, алғашқы фестивальге органикалық өнім өндіретін 45 компания қатысса, ал бұл жолы олардың қатары 80-нен асып отыр.

null null null null null

Соңғы жаңалықтар