Астанада мерекелік демалыс күндері қайда баруға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 29 сәуірден 1 мамырға дейін Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. 

29 сәуірде Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында У. Шекспирдің «Отелло» трагедиясы қойылады. Басталуы 19:00-де.

9:00-де «Жастар» сарайында «Көктем отшашуы» атты IV Халықаралық көп жанрлы балалар шығармашылығы байқау-фестивалі болады.
11:00, 16:00-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында балаларға В. Трегубенконың «Домик для царя зверей» ертегісі қойылса, 18:00-де Р. Кунидің «Смешные деньги» комедиялық қойылымы өтеді.

19:00-де «Жастар» театрында Н. Гогольдің «Ревизор» комедиялық спектаклі жұртшылық назарына ұсынылады.

29-30 сәуірде «Қазақстан» спорт сарайында көше футболының «5х5 - Red Bull Neymar Jr's five» Қазақстанның іріктеу чемпионаты өтеді. Басталуы 9:00-де.

30 сәуір - 1 мамырда «Жастар» сарайында «Сәлем, Астана!» балалар республикалық фестиваль-конкурсы өтеді. Басталуы 9:00-де.

30 сәуір - 1 мамырда қала тұрғындары мен қонақтары Тәуелсіздік сарайында қолданбалы өнер көрмесі «Ұлы дала мұрасы», «Қазақстандық суретшілердің шығармалары» атты көрмесі, «Мейірім үшін алғыс» фотокөрме, «Гүлдің нәрі» көрмесі, Оқушылар сарайымен бірлескен «Менің ңұрлы әлемім» қолөнер көрмесі, Астана қаласы жастар бірлестігімен бірге ұйымдастырылған көркем көрмесі, Қазақ Ұлттық өнер университетімен бірлескен қолданбалы өнер көрмесі, Суретші Өмірбек Тілеулиевтің жеке көркем көрмесін тамашалай алады.

30 сәуірде Елордалық циркте 16:00-де «Латын Америкасының магиясы» қойылымы өтеді.

19:00-де «Астана» концерт залында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Әлем халықтары әуені» концерт болады.

1 мамырда 11:00-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында балаларға арналып В. Орловтың «Золотой цыпленок» ертегісі ұсынылады.

12:00-де «Қазақ елі» алаңында Түрік Хорының мерекелік концерті өтеді.

13:00-де «Бәйтерек» монументі алаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай веложарыс өтеді.

15:00-де «Бәйтерек» алаңында 50 домбырашы қатысатын «Ұлы дала үні» флэшмобы ұйымдастырылады.

18:00-де «Қазақстан» концерт залында «Бауыржан fest» ІІ халықаралық әзіл-оспақ фестивалі болады.

19:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында В.Омаровтың «Қызыл алма» комедиялық спектаклі өтеді.

Дәл осы уақытта Бейбітшілік және келісім сарайында «Алтын батыр» степ-тобының концерті болады.

Соңғы жаңалықтар