Астанада менингитке шалдыққан бала ауруханаға жатқызылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада вирусты менингитке шалдыққан бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 қазан күні Астана қаласының балалар инфекциялық ауруханасына вирусты менингит диагнозымен 2011 жылы туған бала түсті. Стационарға түскеннен кейін баланы аурухананың инфекционистері қарап, ол нейроинфекция бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі таңда баланың денсаулығы асқынусыз тұрақты болып бағаланып отыр. Динамикада денсаулығының жақсаратыны болжанады», - деп хабарлайды қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақ.

Оның айтуынша, вирусты менингит бактериялық менингиттерге қарағанда қауіпті емес.

«Оның болжамы уақтылы медициналық көмек көрсетуге және дұрыс емдеуге байланысты болады. Менингиттердің барлық түрінің емі міндетті түрде мамандардың бақылауымен стационар жағдайында жүргізілуі керек», - дейді ол.

Әйгерім Ардақ келтірген мәліметке сәйкес, 2018 жылдың 9 айының ішінде Астанада вирусты менингитке 199 адам шалдығып, олардың бәрі де сауығып, ауруханадан шығып кеткен. Менингитке шалдыққандар бір жыл бойы невропатологтың бақылауында болуы керек.

Соңғы жаңалықтар