Астанада маска тақпаған 1,6 мың адам автобустан түсірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жыл басынан бері қоғамдық көлікте маска тақпаған 5 мыңнан астам адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бүгінде қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі қолданылады.

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушылардың автобустарда бетперде тағуын күнделікті тексереді.

Өкінішке қарай, маска тақпайтын, тағудан бас тартатын жолаушылар кездеседі.

Жыл басынан бері Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзған 5 мыңнан астам жолаушыны анықтады. 1665 адам автобустан түсірілді.

«Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте бетперде тағу режимін сақтау туралы тағы да ескертеміз. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», — делінген департамент хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар