Астанада қандай мамандарға сұраныс көп

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық жұмыспен қамту орталығы ең сұранысқа ие мамандықтарды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада бәрінен бұрын сатушыларға сұраныс жоғары. Екінші орында бармендер, даяшылар және құрылысшылар.  Еңбек рыногы осы салаларда 23% тиісінше 24% ұсыныс жасайды. Ал сұраныс 25 % бен 18 % аралығында. Үшінші орында көлік қызметкерлері және логистика. Төртінші орында әкімшілік қызметкерлері. Еңбек нарығында осы салаларда ұсыныс 15% және 12% құрайды.

Сонымен қатар, медбикелер, мұғалімдер қажет. Жалпы жұмыспен қамту орталығында қазіргі күні 6 мыңнан астам адам тіркелген. Өз мамандығыңыз бойынша жұмысқа орналасу үшін орталықтың сайтына кіріп, міндетті түрде электронды адресті көрсетіп, анкетаны толтырып тіркелу қажет. Сосын «іздеу» тетікшесінде қандай жұмыс керек екенін толтырасыз. Ал, орталықтан бос жұмыс орындары туралы ақпарат сіздің поштаңызға келіп тұрады. 

Соңғы жаңалықтар