Астанада халықаралық қаржы орталығын құру - орындауға лайықты мақсат - шетелдік сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Астанада халықаралық қаржы орталығын тиісті деңгейге шығаруға қауқарлы.

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Астана экономикалық форумында ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында G-Global-дың АҚШ-та және африкалық құрлықтағы өкілі, профессор Ламин Диенг мәлім етті.

«Менің ойымша, Астанада халықаралық қаржы орталығын құру - орындауға лайықты мақсат. Бұл бағытта елеулі жұмыстар қажеттілік етеді және Қазақстан бұл мақсатты жүзеге асыруға қауқарлы», - деді шетелдік сарапшы.

Бұдан бөлек ол Астана экономикалық форумының тұғырнамасы инвестицияларды тарту бағытында өте маңызды екенін, сонымен қатар G-Global бастамаларын алға жылжытуда елеулі үлес қосып отырғандығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін форум барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» қаржылық орталығы болашақта барша Орталық Азия өңірі үшін қаржылық хабқа айналатындығын атап өтті.

Бұл тұрғыда Қазақстан тарапы Дубай орталығымен келіссөздер жүргізіп, олардың заңнамасын, экономикалық тәжірибесін, әдістемесін пайдалануды көздеп отыр.

«Сіздер білесіздер, мен ЭКСПО-2017 базасында Астана халықаралық қаржы орталығын құру жөнінде жарлыққа қол қойдым. ЭКСПО аяқталысымен барлық ғимараттар сол әлемдік қаржылық орталыққа беріледі. Біз Дубай орталығымен келіссөздер жүргіздік және олардың заңнамаларын, экономикасын толықтай өзіміздегі орталыққа әкелеміз деп келістік. Ол ағылшын құқығы принциптеріне негізделіп, тәуелсіз қаржылық орталыққа айналады деп сенеміз», - деп атап өтті Президент.

Соңғы жаңалықтар