Астанада Гейдар Алиев көшесі жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гейдар Алиев көшесінің Тоқпанов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі бөлігінде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көше 1-нен 2 мамырға дейін апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жабық болады.

«Қазіргі таңда «Астана Су Арнасы» АҚ Энергетиктер шағын ауданындағы кәріз желісін жөндеуге дайындықты бастады», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты полиция елорда тұрғындары мен қонақтарынан абай болып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар