Астанада ең үздік жас отбасылар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Үздік жас отбасы» байқауының финалы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.⠀

Биыл байқауға 100-ге жуық жас отбасы қатысты. Олар 4 кезеңнен өтіп, ақтық сынға 10 жанұя жолдама алды.
Іс-шара қорытындысы бойынша 500 мың теңге көлеміндегі сертификатқа және жүлделі бірінші орынға Тлеубекұлы Шыңғыс пен Тлеубекова Мадинаның отбасы ие болды. 350 мың теңгелік сертификат пен жүлделі екінші орын Мерзамхан Айдос пен Тырнахан Нұргүлдің жанұясына берілді. 250 теңгелік сертификат пен үшінші орын Аймамбетов Сұңғат пен Қайратова Арайлымның отбасына бұйырды.

«Бірде-бір финалист лайықты марапатсыз қалмайды, сондықтан финалға өткен қалған 7 отбасы да жұбаныш сыйлығы ретінде 100 мың теңгеден алды.
Қатысушылар өздері үшін ең бастысы жеңіс емес, жақсы көңіл-күй және отбасымен бірге көңіл көтеру екенін атап өтті», - деді қала әкімдігінен.


Соңғы жаңалықтар