Астанада еліміздің ең мықты деген шахматшылары бақ сынасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында Дәрмен Садуақасовтың шахмат академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Total-open» блиц-марафонының екінші кезеңі өтті. Жарысқа 26 шахматшы, соның ішінде 1 халықаралық гроссмейстер, 1 халықаралық шебер, 4 FIDE шебері, сондай-ақ спорт шеберінің кандидаттары мен шахмат разрядтарының иегерлері қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды 9 ұпайдың 8-ін жинаған халықаралық гроссмейстер Хуснутдинов Рустам, екінші орынды халықаралық шебер Аслан Айтбаев, үшінші орынды - FIDE шебері Бахтияр Нұғұманов иеленді.

Әйелдер арасындағы ең жоғары көрсеткішті - FIDE шебері Кованова Мария, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында - FIDE шебері Жандос Ағманов көрсетті.

Турнирде FIDE арбитрі басшысы Нұрлан Ибраев бастаған топ төрешілік етті. «Total-open» блиц-марафоны 4 таңдаулы кезең мен финалдан тұрады: 1 кезең - 2016 жылдың 27 қарашасы, басталуы сағат 15-00-де, 2 кезең - 2016 жылдың 1 желтоқсаны, басталуы сағат 11-00-де, 3 кезең - 2016 жылдың 4 желтоқсаны, басталуы сағат 15-00-де, 4 кезең - 2016 жылдың 11 желтоқсаны, басталуы сағат 15-00-де, финал мен салтанатты жабылуы - 2016 жылдың 16 желтоқсаны, басталуы сағат 14-30-да өтеді.

Турнирдің бас демеушісі «Total E&P Kazakhstan» компаниясы. Жарыс Астана қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚҚ халықаралық мектебі мен Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығының қолдауымен өтуде.

Соңғы жаңалықтар