Астанада екі көлік соқтығысып, 52 жастағы жүргізуші қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жол апаты салдарынан адам өлімі орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін шамамен 12 сағат 18 минутта «SHACMAN» маркалы автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қала жақтан Астрахан тасжолы бойымен Талапкер ауылына қарай келе жатып, жолдың жүру бөлігінде алдын ала тиісті орынға тұрмай, маневр кезінде бір бағытта келе жатқан «Nexia» маркалы автокөлігімен соқтығысты.

Nexia көлігінің рулінде 52 жастағы жүргізуші болған.

Жол апаты салдарынан «Nexia» маркалы автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

Жүргізушілер жолда мүмкіндігінше мұқият болуы керек.





Соңғы жаңалықтар