Астанада бір түнде 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада бір түнде 17 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Осы уақытта Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмыстарына 900-ден астам арнайы техника мен 2 мыңға жуық адам жұмылдырылған.

«Қаңтардың 14-інен 15-іне қараған түні 17 313 текше метр қар шығарылды. Бірінші кезекте, ереже бойынша жолдарда кептеліс болмау үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтарға көңіл бөлінеді», - деді әкімдіктен.

Жиналған қар елорданың әр аумағында орналасқан 11 полигонға шығарылады. Көшелерді қардан тазарту 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото-және бейнекамералар орнатылған.


Соңғы жаңалықтар