Астанада бір апта ішінде 3 баланы көлік қағып кеткен
Биылғы жылдың 21 шілдесінде сағат 21:00-де «Toyota» маркалы автокөліктің жүргізушісі Бөгенбай батыр даңғылымен келе жатып велосипед айдап келе жатқан 8 жасар жеткіншекті қағып кеткен.
22 шілдеде сағат 12:00 шамасында «Mercedes» маркалы автокөліктің жүргізушісі Б.Момышұлы даңғылымен келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған түсін елемей жүріп кетіп, белгіленген жерден өтіп бара жатқан 12 жасар жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Сол күні сағат 17:00 шамасында «Лада» маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші Конституция көшесінен К.Байсейітова көшесіне қарай келе жатып, белгіленген жерден өтіп бара жатқан 12 жастағы жасөспірімді қағып кетті.
Жол апаты салдарынан балалар дене жарақатын алып, қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.
Аталған барлық факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.