Астанада «Бәйтерек» жанындағы орындықтарды вандалдар сындырмаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері «Бәйтерек» монументі алдындағы орындықтарды осы аумақты тазалайтын мердігер ұйымдар зақымдағанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орындықтарды қасақана қирату фактісі расталған жоқ. Мердігер ұйымдардың монумент аумағын тазалау жұмыстарын жүргізу барысында орындықтарды техника зақымдағаны белгілі болды», - деп хабарлады тілшіге ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Қазіргі уақытта абаттандыру элементтерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұдан бұрын Фейсбуктегі топтардың бірінде «Бәйтерек» монументі алаңында сынған орындықтардың суреттері жарияланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар