Астанада әлемнің үздік фотосуретшілерінің жұмыстары көрсетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ҚР Ұлттық музейінде әлемдік фотосуретшілердің жұмыстарын таныстыратын «PHOTOfest.kz» халықаралық фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Аталған көрмеде жапониялық Шигеру Йошида, франциялық Жан Тюрко, түркиялық Исмаил Хайкир, америкалық Павел Антонов және ресейлік Андрей Мартынов, Татьяна Зубкова және Шүкір Шахай, Асылхан Әбдірайым, Мақсат Шағырбаев, Тұрар Қазанғапов сынды қазақстандық танымал авторлардың 200-ге жуық жұмысы көрсетілді.

0 

Фотокөрмені ашқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фотосуретшілердің жұмыстарын жоғары бағалады.

«Біз тарихымызды көрсететін қазіргі заманғы фотомамандардың ең тамаша жұмыстарын жинай алдық. Өкінішке орай, көрмедегі бірқатар фотосуреттердің авторлары өмірден озып кетті. Бірақ, олардың артында өлмес туындылар қалды.  Мұндай ауқымдағы фотокөрмені тұңғыш рет ұйымдастырып отырмыз, сондықтан ғажайып фотокөрменің ұйымдастырушыларына үлкен алғысымды білдіремін», - деді министр.

Фотоөнер шеберлерінің бірі, жапониялық Ш. Йошида көрменің өткізілу деңгейіне және Қазақстан астанасының сұлулығына ерекше тамсанғанын жеткізді.

«Менің достарым Қазақстан туралы ештеңе білмейді. Мен түнде Астанаға ұшып келдім және дереу достарыма хабарласып, алған әсеріммен бөлістім. Көрменің өткізілу деңгейі де мен күткеннен әлдеқайда жоғары болды. Түрлі ел мен түрлі мәдениеттерді фотосуретке түсіру - үлкен өнер», - деп атап өтті фотограф.

Қазақстандағы фотосурет майталманы Асылхан Әбдірайым да фестивальдің ашылу салтанатына қатысып, құттықтау лебізін білдірді. Ол фотосуретке арналған ауқымды шаралардың еліміздегі фотоөнер саласының дамуына ықпалын тигізетінінайтты.

«Бүгін расында керемет күн. Бұл халықаралық фотофестиваль тұңғыш рет қазақ жерінде өтіп жатыр және мұндай шаралар болашақта фотоөнер саласының дамуына үлес қосып, жастарымыз осы салаға бет бұруына, фотосурет шеберлерінің көптеп шығуына ықпалын тигізетіндігіне сенімдімін»,- деді ол.

Фотофестиваль аясында қатысушылар үшін Қорғалжын, Бурабай, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы, Түркістан, Отырар, Шарын, Шымбұлақ, Медеу, Тамғалы тас,  Көлсай сынды көз тартарлық орындарға арнайы сапар ұйымдастырылады. Онда түсірілген фототуындылар «PHOTOfest.KZ» - Гүлденген Қазақстан әлемдік фотографтар көзімен» атты фото алманахқа енеді.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 0 

Соңғы жаңалықтар