Астанада алаңда ойнап жүрген баланың қолы темірге қысылып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада ойын алаңында ойнап жүрген баланың қолы қысылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Кеше жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кезекті шақырту кезінде кәсіби және мұқият жасаған іс-әрекетінің арқасында баланың қолын аман алып қалды.

Ойын алаңында жүрген бала қолына темір зат киіп, сосын қайта сыртқа шығара алмай қалған.

Темірдің тесігі өте тар болғандықтан және тесіктер бір-біріне өте жақын орналасқандықтан оны өз бетінше шығару мүмкін болмаған.

«Бірақ құтқарушылардың кәсібі әрі жедел іс-әрекетінің арқасында бір сағатқа жетпей аз уақыт ішінде баланың қолы аман-есен темірден шығарылып, құтқарылды» деп мәлім етті департаменттен.



Соңғы жаңалықтар