Астанада әкесі ұлын төбелесуге мәжбүрлеген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы аулалардың бірінде әкесі ұлына «жекпе-жек» ұйымдастырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Фейсбуктегі жазба авторына сілтеме жасап.

Марина Миллер есімді қолданушының дерегі бойынша, осылайша әкесі ұлын ренжіткен баладан кек алуға мәжбүрлеген. Балалардың жасы 8-10 аралығында.

«Оны ұр! Тоқтамай ұр! Бетінен, басынан теп! Ұр дедім! Басынан ұр!», - деп айғайлады әкесі. Басқа балалар үндемей, қарап тұрды (есеңгіреп қалған сияқты). Кейін жиналып тұрғандардың ішінен бір бала айғайлай бастады: «Қане, Ердос, ұр оны!». Адамдар терезелерінен айғайлап, полиция шақырғандарын айтты. Бірақ, ер адам әрі қарай жалғастыра берді: «Ұр, тоқтама! Бетінен ұр! Басынан теп!». Екінші бала өзін қорғау үшін артқа шегіне бастады. Полицейлер келіп, үшеуін де алып кетті», - деп хабарлады ол.

Астана қалалық Ішкі істер департаментінен хабарлағандай,  осы факті бойынша материалдар жиналып жатыр. 40 жастағы ер адамға қатысты процессуалдық шешім қабылданады. 

Соңғы жаңалықтар