Астанада 9 айда 18,5 мың адам жұмысқа орналасқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 ай ішінде елордадағы Жұмыспен қамту орталығы 18 607 жұмыссыздың екі қолға бір күрек табуына көмектесті,  хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде 16 357 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 2250 адам уақытша жұмысқа орналастырыған.

«Экономикалық қызмет түрі бойынша өнеркәсіп саласындағы жұмыспен 329 адам қамтылды, құрылыс - 437, көлік және қойма - 263, білім - 824, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет - 610, көтерме және бөлшек саудаға - 833 адам жұмысқа орналасты» делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Айта кетейік, жұмысқа орналасу бойынша сауалдармен Бейбітшілік 25, «Өркен» ІО мекенжайына немесе мына телефондарға қоңырау шалуға болады: +7 (7172) 57-85-41, 57-89-11, 57-86-95, 92-44-20, 26-65-19, 72-93-50. 

Соңғы жаңалықтар