Астанада 4 мамырда дауыл тұруы ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 4 мамырда Ақмола облысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал.

Астанада 4 мамырда оңтүстік-батыс, батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20, күндіз оның екпіні 23 м/с болады. Дауылдың ықтималдығы 90-95 %.

4 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыс, батыс желінің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін. Қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін.

Петропавлда 4 мамыр күні күндіз оңтүстік-батыс, батыс желі тұрып, оның жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал.  

Соңғы жаңалықтар