Астанада 2021 жылдың бірінші тоқсанында өрттен 4 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1-тоқсанында елордада өрт салдарынан 88,8 млн теңге шығын келді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың 1-тоқсанында Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-ның күштері мен құралдары 1 052 рет апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға шықты. Нәтижесінде 138 адам құтқарылып, 196 адам эвакуацияланды. 13 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді, 243 млн теңгеден астам сомадағы материалдық құндылық құтқарылды», - деді елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, есепті кезеңде қала аумағында 231 өрт тіркеліп, өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда біршама артып отыр. Өрт салдарынан 8 адам зардап шекті, оның ішінде 4 адам қаза тапты. Тілсіз жаудан келген материалдық шығын 88,8 млн теңгені құрады.

«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, орын алған өрттердің басым бөлігі, яғни 43,7 пайызы тұрғын үйлерде орын алған. Екінші орында - көлік өрті, үшінші орында шаруашылық нысандардағы өрт тұр. Өрттердің 56,7 пайызына электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану, 25,1 пайызына жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болып отыр. Сондай-ақ адамдардың отты абайсыз пайдалануы да өрт шығуының себебі саналады», - деді Еркін Отарғалымұлы.


Соңғы жаңалықтар