Астанада 11 жасар қыздар көпқабатты тұрғын үйдің шатырында ойнаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төртінші сынып оқитын үш қыз елордадағы бес қабатты тұрғын үйдің шатырында ойнаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2 мамырда Абылай хан даңғылындағы 5 қабатты тұрғын үйдің шатырында кәмелетке толмаған балалардың жүргені анықталды. Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жасөспірімдердің №32 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары екендігін анықтады. Ювеналдық полиция учаскелік инспекторлары кәмелетке толмаған балаларға және олардың ата-аналарына мұндай фактіге жол бермеу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді», - деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметінен.

Аталмыш факті бойынша «Алтай» ПИК төрағасы тергелді. Ол шатырдағы люктің жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ашық болғанын айтты.   

Еске сала кетейік, бұған дейін Көкшетау педагогтары әлеуметтік желіде балаларды биік шатырға шақыратын қауіпті ойынның пайда болғанын айтып, ата-аналарға сақ болуды ескерткені туралы хабарлаған болатынбыз.


Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар