Астана волонтерлері 10 мың масканы тегін таратты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлері көшеде медициналық маскаларды тегін таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«COVID-19 вирусы елорда аумағын ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларына да таралды. Қазір жаппай вакцинация жүргізіліп жатыр. Бірақ сақтық шарасын қатаң сақтауымыз керек. Сондықтан Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, елордалық Жастар саясаты басқармасы, «Астана жастары» КММ белсенді еріктілермен бірге ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай саябақтар мен гүлзарларда серуендеп жүрген жандарға 10 мыңнан астам бетперде тарату, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау қажеттігін түсіндіру үшін шықты. Акция мұнымен аяқталмайды, енді 30 мың маскаға дейін таратуды жоспарлап отырмыз. Біз үшін жұрттың қауіпсіздігі өте маңызды», - деді «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

Санитарлық талаптарды сақтамаған тұрғындар өз өміріне ғана емес, өзгелерге де қауіп төндіреді. Ұйымдастырушылар қауіпсіздік шараларын ұстану бойынша да түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Соңғы жаңалықтар