Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпрат - Astana Qazaqstan Team велоклубы маусымның басты жарысы - Тур де Франсқа қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шосседе өтетін көпкүндік веложарыс 1-24 шілде аралығына жоспарланған.

Қазақстандық команда құрамында 8 спортшы бар.

Олар - Самуэле Баттистелла (Италия), Фабио Феллине (Италия), Дмитрий Груздев (Қазақстан, Джо Домбровски (АҚШ), Алексей Луценко (Қазақстан), Джанни Москон (Италия), Симоне Веласко (Италия) және Андрей Зейц (Қазақстан).

Жарыстың спорт директорлары: Александр Шефер (Қазақстан), Бруно Ченьялта (Италия), Стефано Занини (Италия).


Соңғы жаңалықтар