Астана тұрғынына ұлы шекілдеуік қабығын жерге тастағаны үшін айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғынына ұлы шекілдеуік қабығын жерге тастағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі. 

«Колледждің балалар алаңында жасөспірім шекілдеуік шағып, қабығын жерге лақтырған. Ол осы әрекетімен ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық орынды ластады», - делінген хабарламада.

Астана қаласы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен жасөспірімнің анасы ҚР ӘҚтК 435-бабы бойынша айыпты деп танылды, оған 7 АЕК айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар