Астана процесінің келесі отырысы шілдеде өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сирия бойынша Астана процесінің келесі отырысы осы жылдың шілде айында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кепілгер елдер Сирия бойынша Астана форматындағы Халықаралық кездесудің келесі отырысын 2019 жылдың шілде айында Нұр-Сұлтанда өткізуді шешті», - деді ҚР Сыртқы істер бірінші вице-министрі Мұхтар Тілеуберді елордадағы Астана процесінде кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесін оқи отырып.

Еске сала кетсек, бүгін елордада бүгін Сирия бойынша Астана процесінің 12-ші раунды аяқталды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша кепілгер елдер - Иран, Ресей мен Түркия бірлескен мәлімдеме жасады. Кепілгер елдер Сирияға гуманитарлық көмекті арттыруға шақырып отыр.

Сонымен бірге, кепілгер елдер Сирия аумағындағы террористік ұйымдардың топтарын түпкілікті жоюда серіктестіктің жалғаса беретінін жариялады.

Соңғы жаңалықтар