Астана процесінің келесі келіссөздері өтетін мерзім белгіленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей, Иран және Түркия өкілдері Астана процесінің кезекті раунды өтетін мерзімді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кепілгер елдер Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және қазақстандық билікке Астанада Сирия жөніндегі халықаралық 8-ші кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылығын білдіреді. Және де Астанада жоғары деңгейдегі Сирия жөніндегі келесі халықаралық кездесуді 2018 жылдың ақпан айының ортасында өткізу туралы шешім қабылдайды», - делінген халықаралық кездесудің қорытындысына орай ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов оқып берген кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесінде.

Сонымен қатар министр бұл жолғы келіссөздер раунды жылдың соңында өтіп отырғанын және бұл қорытынды шығарып, келешектегі міндеттерді айқындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бірінші кезекте Сириядағы соғыс іс-қимылдарының 12 ай бойы тоқтап тұрғандығын атап өткім келеді. Бұл айтарлықтай жетістік. Қазіргі Сириядағы гуманитарлық ахуалдың қанағаттанарлықсыз болғандығына қарамастан жанжалды деэскалациялаудың арқасында кей жерлердегі жағдайдың жақсарып келе жатқанын байқауға болады. Дегенмен тұтқындарды өзара беру проблемасын қоса алғанда әлі де көп дүниені шешу қажет. Біздіңше, бұл негізгі мәселелердің бірі», - деді министр.

Сонымен қатар Қайрат Әбдірахманов келер жыл процесстің барлық қатысушылары үшін табысты боларына сенім артатындығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар