Астана процесі: Сириядағы тұтқындарды азат ету жөніндегі жұмыс тобы құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесінің кезекті раундын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әдеттегідей Қайрат Әбдірахманов кездесудің қорытындысына орай Иран, Ресей және Түркияның бірлескен мәлімдемесін оқып берді. Аталған құжатта бұл жолы да Сириядағы терроризммен күрестегі жетістіктер аталып, ДАИШ-қа қарсы күрес және аталған лаңкестік ұйымдардан ел аумағын тазартудағы жетістіктер айтылған. Сонымен қатар кепілгер үш ел террористік ұйымдардың тамырына түбегейлі балта шабу және олардың өзге де елдер мен аумақтарға қоныс аударуына жол бермеудегі түбегейлі шешімдерін растап отыр.

Сонымен қатар құжатта Сирияның барлық қоғам өкілдерінің қатысуымен 2018 жылдың 29-30 қаңтары аралығында Сочиде өтетін Сириялық ұлттық диалог конгресіне дайындық және оны өткізу барысындағы тығыз өзара іс-қимыл аталып өткен. Иран, Ресей және Түркия Сирияның Үкімет және оппозиция өкілдерін белсенді ынтымақтастыққа шақырады.

«Осы мақсатта үш кепілгер 2018 жылдың 19-20 қаңтарында конгресс алдында Сочиде арнайы дайындық кездесуін өткізеді. Олар болашақ Ұлттық сириялық диалог конгресін өзара келісім мен ымыраға негізделген сирияішілік келісімге жәрдемдесуге және Женевада БҰҰ қамқорлығымен өтетін келіссөздер процесіне серпін беретін бастама ретінде қарастырады», - деді министр.

Қайрат Әбірахмановтың айтуынша, кепілгер елдер ұсталғандарды және ұрланғандарды азат ету және мүрделерді өзара беру жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар