Астана процесі: Кезекті жиында Сириядағы соңғы лаңкестермен күрес жайы талқыланады

None
None
РИМ. ҚазАқпарат-ТАСС - 10-11 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Астана процесінде лаңкестер тобының қалдығымен күрес және гуманитарлық мәселелер талқыланады. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Жерорта теңізіндегі диалогтар» халықаралық конференциясының сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Келесі аптада Қазақстан елордасында астаналық форматтағы 14-ші кездесу өтеді. Онда деэскалация туралы келісімдердің орындалу барысы, террорлық топтардың қалдықтарымен күресті аяқтау жайы қаралады. Жиында гуманитарлық мәселелер қаралады, оның ішінде Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсету, босқындарды қайтаруға жағдай жасау, ұсталғандар мен тұтқындарды алмасу да бар. Сонда саяси үдеріс те талқыланады», деді Сергей Лавров.

Соңғы жаңалықтар