Астана полициясы алданған үлескерлерді іздестіруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Happy Village коттеджді қалашығы» ЖШС құрылтайшысы және директоры Бақтығали Өтегеновке қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап өтілгендей, компания басшысы әлі салынбаған тұрғын үйдегі пәтерлерді сату арқылы үлескерлердің ақшасын қалтасына басқан.

«Күдікті Астана қаласының №Е464 көшесінде паркингі мен өзге де нысандары қарастырылған, аз қабатты «Куршевель» тұрғын үй кешенін салып беремін деп, алдау жолымен сату-сатып алу келісімшарттарын бекіткен. Солай инвесторлардың қаражатын жымқырған», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Астана қалалық ІІД Бақтығали Өтегеновтың әрекетінен зардап шеккендерден 8(7172)71-60-58, 8701-120-26-05 телефондарына хабарласуды сұрайды.

 

 

Соңғы жаңалықтар