Астана Операда «Алқызыл желкен» мюзклінің тұсаукесері өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана Опера» театрында Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының шығармашылық ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Максим Дунаевскийдің «Алқызыл желкен» мюзиклін ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандылық театр репертуарындағы 2018 жылдың қазан айында тұсауы кесілген жаңа спектакльдерінің бірі – М.Дунаевскийдің «Алқызыл желкен» қойылымы. Туындының негізгі идеясы – әр адамның жақыны үшін ғажап дүниелер жасай алатындығы туралы берік сенім мен асқақ арман.

Қоюшы режиссері – «Золотая маска», «Жыл адамы», «Мельпомена», «Жыл әні» сыйлықтарының иегері Сусанна Цирюк (Санкт-Петербор, Ресей),

«Қандай жанрмен жұмыс істесем де, қандай қойылымды сахналасам да мен үшін спектаклдің қызықты болуы барынша маңызды. Қойылым эмоциональды болуы тиіс. Себебі адамдар театрға жанды эмоцияны көру үшін келеді. Тіпті олар өмірінде сезініп көрмеген эмоцияны бастан кешіру үшін келеді дер едім. Меніңше, театр да сол үшін қызмет етеді»,- деді Сусанна Цирюк баспасөз мәслихаты барысында.

Қойылымның басты кейіпкері – небәрі сегіз айлығында анасынан айырылған Ассоль есімді қыз. Ол өзінің әкесі – теңізші Лонгренмен бірге Каперна ауылында тұрған. Әкесі қызметінен кеткеннен кейін кішкентай қызы өзінің күн көрісі үшін асқан шеберлікпен түрлі шағын желкендер және кемелердің модельдерін жасап, сатумен айналыса бастайды. Бір күні, сегіз жасар Ассоль қолына өзінің кішкене кемесін ұстап тұрған бейтаныс адамды көріп қалады. Бұл – «өлеңдер, аңыздар, әңгімелер мен ертегілер жинаушы» қарт Эгль еді. Ол ойыншықты Ассольге беріп, талай жылдар өткен соң, қыз бой жеткенде, оған дәл осындай алқызыл желкенді кемеде ханзада келіп, алыс елге алып кететінін айтады.


Соңғы жаңалықтар