Астана мен Алматыдағы мәдени және спорттық іс-шаралар афишасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары 16-22 сәуір аралығында өтетін бірқатар қызықты мәдени және спорттық іс-шараларға бара алады. Бұл туралы ҚазАқпарат қос қаланың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларына сілтеме жасап хабарлайды.

Астана

16-30 сәуір аралығында Тәуелсіздік сарайында бірнеше көрме өтеді: «Ұлы дала мұрасы» қолданбалы өнер көрмесі, «Қазақстандық суретшілердің шығармалары» көркемөнер көрмесі, «Гүлдің нәрі» көрмесі, суретші Өмірбек Тілеулиевтің жеке көркем көрмесі және «Мейірім үшін алғыс» фотокөрмесі өтеді.

18 сәуір күні сағат 20.00-де «Астана» концерт залында Қазақ эстрадасының әншісі Қанат Үмбетовтің «Сезімді қайтейін» атты концерті,19 сәуір сағат 19:30-да «Астанаға арнау» атты симфониялық оркестрдің концерті, 20 сәуір сағат 19:00-де «Берекелі Рамазан» атты концерт, 22 сәуір сағат 15:00-де және сағат 19:00-де Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған кеш өтеді. 

Ал, «Жастар» театрында 19 сәуір күні сағат 11.00-де «Ұр тоқпақ» халық ертегісі, сағат 16.00-де Б. Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең бала ғашық...» сахналық повесті, 20 сәуір сағат 19:00-де Д. Саламаттың «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» элегиясы, 21 сәуір сағат 16.00 Т. Миннуллиннің «Диляфруздың төрт күйеуі» комедиясы, 22 сәуір сағат 19:00-де Н. Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғыз әуен» театрландырылған-концерттік бағдарламасы қойылады.

19-21 сәуір күндері сағат 18:30-да Бейбітшілік және келісім сарайында «Жайдарманның» жоғары лига ойындары өтеді.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 19 сәуір күні сағат 11:00-де В. Орловтың «Алтын балапан» ертегісінің тұсаукесері, 21 сәуір күні сағат 11:00-де Г. Андерсеннің «Түймеқыз» ертегісі, 21 сәуір сағат 18:00-де Б. Пармановтың «Алпамыс батыр», «Алпамыс» қазақ қаһармандық эпосының желісі бойынша қойылым болады.

21-22 сәуір сағат 12:00, 14:00-де Қуыршақтар театрында А. Салаеваның «Қала жолындағы оқиғалар» ертегісі қойылады.

22 сәуірде Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада аясында армрестлингтен жарыс өтеді. Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада аясында жазғы Президент тесттері болады. Басталуы 10:00-де.

Астана қаласының жасыл белдеуінде велосипед жолында Елорданың 20 жылдығына арналған барлық жастағы велосипедшілер арасында Астана қаласының чемпионаты өтеді. Басталуы 10:30-да.

«Астана» концерт залында Қазақстан халық әртісі Шәмші Қалдаяқтың шығармашылығына арналған еске алу кеші өтеді. Басталуы 15:00, 19:00.

«Сарыарқа» велотрегінде сағат 15:00-де «Астана» БК - «Калев» БК (Таллин қ., Эстония) арасында баскетболдан ВТБ Бірыңғай лигасы өтеді.

 

Алматы

16 сәуірде №10 кітапханада «Армысың, әз-Наурыз!» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді.

17 сәуірде Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында Дмитрий Дюжевтің «Евгений Онегин» атты моноспектаклі өтеді.

18 сәуірде Республика Сарайында ҚазҰӨА 40 жылдығы мен Театрлық білімнің 85 жылдығына орай (А.Әшімов студиясының ашылуы) салтанатты кеш өтеді.

18 сәуірде «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі  мен «Самұрық» заманауи билер труппасының концерті өтеді.

19 сәуірде Республика сарайында Төлжәнібек Жақсыбаевтың концерті өтеді.

19 сәуірде Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концерті өтеді.

20 сәуірде Республика сарайында «Д.Қонаевтің сүйікті әндері» атты концерт өтеді.

21-22 сәуірде ARTиШОК театрының үлкен сахнасында «Хайуанаттар хикаясы» пьесасы қойылады.

21 сәуірде «Шабыт» амфитеатрында «Кавказ кеші» мәдени шарасы өтеді. Дәл осы күні Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында Патимат Кагированың «Сүйгеніңді бағала» атты концерті  өтеді.

22 сәуірде Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Көктем көркі - қызғалдақ» атты қалалық гүл фестивалі өтеді.

Соңғы жаңалықтар