Астана мен Ақмола облысында жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана және Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер 20 м/с-ке дейін жел соғатыны туралы ескертуде. Болжам бойынша,  1 қазанда күн бұлттанып, күндіз жауын жауады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +16+18°С болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа қарай ауысып, оның жылдамдығы 5-10 м/с-ке жетеді.

Сейсенбі, 2 қазан күні көшпелі бұлт шығып, түнде және таңертең жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с жел соғады таңертең және күндіз оның екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +10+12°С-ты көрсетеді.

Сәрсенбі, 3 қазанда күн ашық болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғып,жылдамдығы 7-12 м/с-қа жетеді. Температура түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С.

Соңғы жаңалықтар