«Астана ЛРТ» бағандарының қоршауына қардың толтырылғаны рас па – әкімдіктің жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Астана ЛРТ» бағандарының қоршауына қардың толтырылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Мәселеге қатысты Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана ЛРТ» аумағына қар төгілгенін білеміз. Ол жерде төгілгені - айтарлықтай үлкен көлемдегі қар емес. Көлік қозғалысына қиындық туындатқан 25 метр жолдың қары төгілді», - деп жауап берді ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына қалалық әкімдіктен.

Осыдан бірнеше жыл бұрын қалалық әкімдік қар еріткіш пештердің сатылып алынғанын хабарлаған еді. Сол пештер қазір пайдаға жарап жатыр ма? Жарап жатса, бұл күнде қайда және қаншасы істеп тұр? Әкімдіктен бұл сұрақтарға да жауап келді.

«Қар еріткіш екі техника қазіргі таңда іске қосылды. Олар штатты түрде жұмыс атқарып жатыр. Алдағы күні тағы 1 қар еріткіш техника іске қосылатын болады. Қазіргі таңда ыңғайлы орын қарастырылып жатыр», - деп хабарлайды әкімдіктен.


Соңғы жаңалықтар