Астана емханалары сәуірде толықтай дәрімен қамтамасыз етілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының емханаларына сәуір айындағы жағдай бойынша дәрілік заттарды жеткізу жоспары 100% орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, сонымен қатар дәрілер ШҚО, Алматы облысына және Алматы қаласына толық жөнелтілді. Бұл өңірлерде дәрілерді жөнелту жоспары 99% орындалды. Еліміздің медициналық ұйымдарында дәрілік заттарды жеткізу жалғасуда.

Емханалардың өтініштеріне сәйкес, еліміздегі 391 медициналық ұйымға тегін дәрілер мен медициналық бұйымдар берілді. Тегін дәрі-дәрімектердің бағасы - 25,6 млрд теңгені құрайды.

«СҚ-Фармация» ЖШС төрайымының міндетін атқарушы Шария Исмұханованың айтуынша, қазіргі таңда дәрілердің көп бөлігі ШҚО-ға (3,3 млрд теңге) жөнелтілген. Алматыға 3,1 млрд теңге сомасына, Қарағанды облысына 2,6 млрд теңге, ал Астана қаласы бойынша - 2,4 млрд теңгеге дәрілік заттар жіберілген.

Бірыңғай дистрибьютор басшысы атап өткендей, сегіз өңірде - БҚО, ОҚО, Қостанай, Жамбыл, Ақмола, Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында дәрілер дәрілік заттарды есепке алу және өткізу қызметтері сатып алынған жекеменшік дәріханалық желілер арқылы, қалған сегіз өңірде - Алматы, Астана, Алматы облысы, Атырау облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, сондай-ақ ШҚО және СҚО-да емханалардағы дәріханалар арқылы босатылуда.

«Қазіргі таңда қазақстандықтарды амбулаториялық деңгейде дәрімен қамтамасыз ету үшін тізімдегі 494 түрлі дәрілік зат пен 421 медициналық мақсаттағы бұйым сатып алынды. Сатып алынбаған дәрілер бойынша қайта тендер рәсімдері өткізілуде, қорытындысы сәуірде шығарылады», - деді Шария Исмұханова.

Соңғы жаңалықтар