Астана ЭКСПО-2017 компаниясы Оқушылар сарайына сыйлық жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы елордадағы Оқушылар сарайының туған күніне орай «Болашақ энергиясы» атты көрме алаңын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экспозиция баламалы қуат көздері бағытындағы ең озық «жасыл» технологиялардың және инновациялық жобалардың бірегей үлгісімен толықтырылған. Бұл өз кезегінде өскелең ұрпақты экологиялық технологияларға, өнертапқыштыққа құмар етеді.

Оқушылар сарайы әуел бастан жан-жақты білім жобалары, секциялары мен үйірмелері бар жастардың білім беру орталығы іспетті еді. Енді, «Астана ЭКСПО-2017» ұсынған сыйлықтың арқасында сарай жаңа ғылыми-техникалық топтамамен толықты.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының тамаша сыйлығы балалардың жан-жақты дамып, дүниетанымының кеңеюіне, болашақ ұрпақтың ғылыми-техникалық бағытта дамуына, балаларды ғылым, техника және «жасыл» технологияларға тартуға барынша жағдай жасайды», - деді «Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай.

Оқушылар сарайына сыйға тартылған «Баламалы технологиялар» коллекциясында алты экспонат бар. Оның әрқайсысы адамзаттың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгерте алатын жаңа мүмкіндіктерге ие. Мәселен, «Күн генераторының кіші көлемі» атты экспонат тек күн сәулесінің арқасында ғана электр қуатын бөле алады. Тағы бір мысал - күннің қуатымен ғана жұмыс істейтін «күн пеші» атты экспонат.

Сонымен қатар, экологияға зиянын тигізбейтін автономды су генераторы да орнатылған. Ал, «Био-систематизатор» атты экспонат «қалдықтардан пайда табу» идеясын жүзеге асыратын жоба. Бұл құрылғының көмегімен жануарлардың тіршілігіндегі «қалдықтар» биогазға айналады. Және де сусындарды өздігінен, яғни, тоңазытқышты электр қуатына қоспай-ақ салқындатып тұра алатын «құмыра-тоңазытқыш» атты ғажайып жоба да осы коллекцияны толықтырып тұр.

null null 

Фото: informburo.kz

Соңғы жаңалықтар