«Астана» биылғы еуромаусымда қанша табыс тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» осы еуромаусымдағы ойынын аяқтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан клубы осы маусымда 4,31 миллион еуро қаржы тапты. «Астана» 2019/20 маусымындағы еурокубоктағы жолын Чемпиондар лигасында бастады, алайда бірінші іріктеу кезеңінде «ЧФР Клуж» командасына (2:3) есе жіберді – клуб турнирдің осы кезеңіне қатысқаны үшін 280 мың еуро алды.

Кейін «Астана» Еуропа лигасына ұшып барып, мынадай табыс тапты:

ЕЛ екінші кезеңі - 260 мың еуро («Санта-Коломаны» жеңді — 4:1),

ЕЛ үшінші кезеңі – 280 мың еуро («Валлеттаны» жеңді — 9:1).

«Астана» плей-офф матчта БАТЭ-ден басым түсті (3:2), алайда турнирдің бұл кезеңінде ешқандай ақы төленбеді. Дегенмен, елордалық клуб өз бюджетін ЕЛ тобына шыққаны үшін 2,92 миллион еуромен толықтырды.

«Астана» топтық ойында бір рет қана жеңіп («Манчестер Юнайтедті» 2:1 есебімен), 570 мың еуро алды.

Осылайша, жалпы сома 4,31 миллион еуроны құрады. Сондай-ақ, «Астана» маусымның қорытындысы бойынша маркетингтік және телеқұқық сатылымнан түскен төлем процентіне ие болады.

Соңғы жаңалықтар