Астана бассейніндегі кісі өлімі: Нұсқаушыға сот үкімі шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық №2 соты «Астана» спорт кешенінің жүзу нұсқаушысы Т-ға үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 16 қаңтарында елордадағы спорт кешендері бірінің бассейнінен 21 жастағы қыздың мәйіті табылған болатын.

Сот барысында нұсқаушы Т бассейнге келушілердің қауіпсіздігін қамтамасз етудегі міндеттерін дұрыс орындамай соның салдарына Е суға батып, қаза тапқан.

Сот отырысында прокурор Т-ны 5 жылға бас бостандығынан айыруды, ал зардап шегуші тарап оны 8 жылға соттауды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ және әрекетінде қылмыс құрамының жоқтығына байланысты істі тоқтатуды өтінді.

Сот Т-ның зардап шегушіге медициналық көмек көрсетуге тырысуын оның кінәсін және жазаны жеңілдететін шара деп таныды.

ҚР ҚК 306-бабы 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық абайсызда жасалған қылмысқа жатады.

Онда 4-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

«Аталған іске қатысты жаза 4 жылдан аспауы тиіс. Сот сотталуының жеке басын, зардап шегуші тараптың ұстанымын қаперге ала отырып, Т-ны 4 жылға бас бостандығынан айырды. Бассейн иегері «Арнаулы қамтамасыз ету орталығы» ЖШС-нен зардап шегуші тарапқа 10 млн теңге моральдық залал өтемақысы өндіріп алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген Астана қалалық соты таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар