Astana Ballet театры Дубайдағы EXPO көрмесінде екі қойылым көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Astana Ballet Дубайдағы ЭКСПО-2020 бүкіләлемдік көрмесінде екі қойылым көрсетеді. Бұл туралы театр директоры Александр Совостьянов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дубай опера сахнасында 27-28 қазанда - «Махаббат туралы аңыз», ал 29-30 қазанда – «Бейбарыс сұлтан» балеті көрсетіледі.

«Біз үшін қазіргі шектеулерге қарамастан, IX театр маусымын өз уақытында ашу өте маңызды болды. Біз қатты уайымдадық, көрермендермен қауышуды асыға күттік. Әртістер сахнаны, ал көрермен спектакльдерді сағынды. Қазір біздің үлкен жоспарларымыз бар. Бүкіл көрерменді «Astana Ballet» театрына шақырғым келеді», - деді А. Совостьянов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, тоғызыншы театр маусымы 9-10 қыркүйекте «Бейбарыс сұлтан» балетімен ашылды.

17-18 қыркүйек күндері «Махаббат туралы аңыз» балеті көрсетілмек.

«Махаббат туралы аңыз» бен «Бейбарыс сұлтан» - керемет қойылымдар, оларды ұзақ карантиннен кейінгі алғашқы гастрольге – пандемияға байланысты кейінге қалдырылған Дубайдағы ЭКСПО-2020 көрмесіне апарамыз. «Astana Ballet» театрының ұжымы Дубайдың үлкен, жаңа, алдыңғы қатарлы театрларының бірінде осы екі тамаша туындыны ұсынады», - деді Александр Севостьянов.


Соңғы жаңалықтар