«Астана балет» театрының Лондондағы гастроліне билет бір ай бұрын сатылып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана балет» театры жетінші маусымын ашты. Қыркүйектің 12, 13 және 14 күндері балет труппасының гастролі әлемдегі әйгілі сахналардың бірі – Ковент-Гарден Корольдік театрында өтпеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балет өнерін жан-тәнімен сүйетін лондондық көрермен «Астана балет» театрының үш күндік гастроліне билеттерді бір ай бұрын сатып алды.

Лондон тұрғындарына жанры сан-алуан бағдарлама көрсетілмек, оның ішінде неоклассикалық қойылымдар мен заманауи және ұлттық хореография бар.


«Гастроль шымылдығы «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасымен ашылады. Бұл бағдарламада ұлттық балет үзінділерімен қатар, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін айғақтап тұратын хореографиялық композициялар топтастырылған.

Сонымен қатар, француз әншісі Эдит Пиафтың ғажайып ғұмыры мен мазмұнды шығармашылығынан нәр алған үш дуэттен тұратын, бір актілі «Love Fear Loss» балеті де көрсетіледі. Неоклассикалық туындылардың ішінен «A Fuego Lento» («Баяу жалын») атты бір актілі балетті де көрермен назарына ұсыну ұйғарылды. Мұнда танго мен заманауи хореография бір арнаға тоғысып, аргентиналық композиторлардың жаныңызды жадыратар шығармалары әуелейді», делінген хабарламада.


Ал, гастроль шымылдығы Оскар Уайльдтің «Саломея» атты пьесасының желісімен «Астана балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Авахри қойған бір актілі балетпен жабылмады.

Бұл қойылым шет елде алғаш көрсетілмек. Інжіл әпсанасының өзіндік интерпретациясы қазақстандық хореографты шабыттандырған болатын.

Айта кетерлігі, Ковент-Гарден Корольдік театрының Линбури орталығының сахнасы ерекше техникамен жабдықталған. Ғимарат Лондонның тарихи орталығында орналасқан. Мұнда Корольдік балет пен Корольдік опера труппалары өз туындыларын Лондон тұрғындары мен қонақтарына паш етіп келеді.


«Астана балет» театры Ұлыбританияға алғаш рет гастрольдік сапармен барады. Бұған дейін қазақстандық ұжым АҚШ, Франция, Италия, Ресей, Қытай, Бельгия мен Жапонияның әйгілі сахналарында өнер көрсеткен еді.


Соңғы жаңалықтар