Астана әуежайы былтыр 5,1 млн жолаушыға қызмет көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы елорда әуежайы 5,1 млн жолаушыға қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» - Қазақстандағы ең ірі әуежайлардың бірі. Жолаушылар ағыны бойынша 2-орынды алады. Өткен жылы әуежайда 5,1 млн жолаушыға қызмет көрсетілген. Әуежай мемлекет меншігінде. Онда 2321 адам қызмет етеді», - делінген ақпаратта.

Төтенше жағдай енгізілгенге дейін «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан» 16 ішкі бағыт бойынша аптасына 320 тұрақты рейс орындалған. Сондай-ақ, 3 қазақстандық және 12 шетелдік әуекомпания апта сайын 31 бағытта 179 халықаралық рейсті жүзеге асырып отырды.

«Астаналық әуежай - еліміздің визит карточкасы. Мемлекеттік және ресми сапарлар кезінде шетел мемлекеттер басшыларының делегацияларына жиі қызмет көрсетеді.

2017 жылы «ЭКСПО-2017« халықаралық көрмесіне дайындық аясында қауіпсіздік пен сапаның барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа халықаралық жолаушылар терминалы пайдалануға берілген болатын», - деді министрліктен.


Соңғы жаңалықтар