Астана ардагерлеріне бір жолғы көмек көрсету үшін 127,5 млн теңге бөлінеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге 35 АЕК мөлшерінде бір жолғы көмек беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі Айгерім Құдайбергенова айтты.

«Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрлігінің ұсынымдарына сәйкес, ардагерлер кеңесінің ұсынымы бойынша Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күніне орай еліміз бойынша жыл сайынғы бір жолдық материалдық көмектің мөлшерін бірыңғай деңгейде белгілеу ұсынылды. Осылайша әлеуметтік көмекті арттыру мынандай санаттарды көздейді», - деген әкмідік өкілі биыл төленетін көмек үш санат бойынша да бірнеше есе артатынын жеткізді.

«Бірінші, жеңілдіктер бойынша Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 9 айлық есептік көрсеткіштен 35 АЕК-ке дейін ұлғайтуды;

Екінші, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 9 АЕК-тен 20 АЕК-ке ұлағайтуды және де басқа санаттарға жататын Еңбек ардагерлеріне 4,5 АЕК-тен 11 АЕК-ке дейін ұлғайтуды ұсынамыз. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік көмекті іске асырған жағдайда биыл қала бюджетінен осы мақсаттарға 127,5 млн теңге талап етіледі», - деді Айгерім Құдайбергенова.


Соңғы жаңалықтар