USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ассамблеяға патриоттық ұйым ретінде құрмет көрсетуіміз керек – Тоқаев

2021 жылғы 21 қазан 12:52
Бөлісіңіз:
Ассамблеяға патриоттық ұйым ретінде құрмет көрсетуіміз керек – Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның патриоттық идеологиядағы рөліне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2025 жылға дейін 500-ге жуық индустриялық жоба іске қосылады «Алтын сапа» конкурсына қатысу талаптары өзгереді Мемлекет басшысы: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы ұзартылады

«Бүгінде ассамблеяның конституциялық мәртебесі бар. Ол өз қызметінде қазақстандықтарды елдің қоғамдық-саяси өміріне кеңінен тартуға бағытталған жаңа тәсілдер мен стандарттарды енгізеді. Ассамблея әрқашан мемлекеттік тілді насихаттауға және оның Қазақстандағы мәртебесін нығайтуға көп көңіл бөлді. Бұл үшін біз ҚХА-ға патриоттық ұйым ретінде құрмет көрсетуіміз керек. Азаматтық белсенділіктің қайырымдылық, әлеуметтік кәсіпкерлік, меценаттық, медиация сияқты жаңа нысандары әдеттегі тәжірибеге айналды», - деді Президент ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, әлемдік тәжірибе этникалық фактор, ұлтаралық қатынастар әлі күнге дейін түрлі қақтығыстардың тұтандырғыш оттығы болып отырғанын көрсеткен.

«Оның деструктивті әлеуеті ақпараттық және гибридтік соғыстардың қазіргі заманында, популистік мәлімдемелер мен алыпсатарлықтың жиілеп кеткен кезеңінде күшейе түсті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT