Әскерилер Түркістан қаласында залалсыздандыру жұмысын бастады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында арнайы киім және тиісті құрал-жабдықпен қамтылған 40 әскери қызметкер залалсыздандыру жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан қаласына әскерилер кіргізілді. ҚР Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жəне ҚР Қорғаныс министрінің өкімімен төтенше жағдайға байланысты Түркістан қаласындағы 7 блок бекеттің тəртібін күшейту жəне қала аумағын залалсыздандыру жұмысына көмек беру мақсатында №35748 əскери бөлімінен 200-ден астам əскери қызметкер мен бірнеше əскери техника жұмылдырылды.

Бүгіннен бастап қала аумағындағы блок бекеттердегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары мен тыныштықты күзетуге әскери қызметкерлер де атсалысады. Одан бөлек, қала көшелері мен қоғамдық орындарда және аулаларда вирусқа қарсы залалсыздандыру жұмысына да қатысады.
Алғашқы күннің өзінде арнайы киім үлгісімен және тиісті құрал-жабдықпен қамтылған 40 әскери қызметкер залалсыздандыру жұмысын бастады.
Түркістан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев азаматтарды орын алып жатқан жағдайларға түсіністікпен қарап, дүрлікпеуге шақырды. Мұндай қатаң режіімдегі тәртіп төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғасатын болады.


Соңғы жаңалықтар