14:28, 19 Ақпан 2021 | GMT +6
Әскерилер коронавирусқа қарсы екпе алу қажеттілігін қолдайды - Нұрлан Ермекбаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қарулы күштерінде вакциналау жүргізу үшін жеке құрамның басым санаттары айқындалып, оны алу кезектілігі жоспарланды. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Қарулы күштерінде наурыз айында COVID-19-ға қарсы екпе жұмыстары басталады. Екпе жүргізуде жеке құрамның басым санаттары айқындалып, оны алу кезектілігі жоспарланды. Әскери қызметшілердің пікірлері алдын-ала зерделенді. Барлығы коронавирусқа қарсы екпенің қажеттілігін қолдайды», деп жазды министр Twitter -дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін әскери қызметкерлерді коронавирусқа қарсы вакциналау наурызда басталатыны хабарланған.