Әскерилер коронавирус індетінен қайтыс болғандарды еске алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әскерилер коронавирус індетінен қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін, 13 шілде - Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қаза болғандарды ұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 12.00-де бүкіл елде үнсіздік минуты жарияланды. Коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері де еске алды.


«Ұлттық аза тұту күнінде қорғаныс ведомствосының, еліміздің барлық аумақтарындағы әскери бөлімдер мен мекемелердің мемлекеттік туы, дәстүр бойынша сағат 8.00-де көтерілетін Әскери-теңіз күштері кемелерінде туы төмен түсірілді. Қаза болғандарды еске алу мен құрметтеу үшін індетпен күреске бей-жай қарамайтын азаматтар қаза тұту белгісін тақты» делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері пандемияның алғашқы күнінен бастап отандастарымызға індетті және оның салдарын жоюдағы күресте белсенді көмек көрсетіп келеді.



Соңғы жаңалықтар