Әскери полиция органдарының айырым белгісі жаңартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әскери полиция органдарының айырым белгісі жаңартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ведоство «ҚР Қарулы уүштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 Қорғаныс министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі.

«Жоба белгілерді «Қазақстан Республикасы Қарулы күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Жаңа дербестендірілген белгі Қарулы күштерінің ұлттық нақышы, үлгісі мен әскери геральдикаларын ескере отырып әзірленді.

Сондай-ақ, әскери полиция органдарының төс белгілеріне өзгерістер енгізілді», делінген хабарламада.

Құжат жобасының толық мәтінімен ашық үкімет порталындағы нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады.



Соңғы жаңалықтар