Әскери полицейлер Армия халықаралық ойындарына дайындалуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасының командасы биыл Сербияда өтетін «Тәртіп сақшысы» байқауына дайындыққа кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім еткендей, дайындық «Спасск» оқу-жаттығу полигонында өтуде. Команда құрамы 6 адамнан тұрады. Оған дене және атыс даярлығынан жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленген әскери полиция қызметкерлері енген.

«Тәртіп сақшысы» байқауы төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде әскери қызметшілер автомат пен пистолеттен атудан жарысса, екіншіде жұптасып патруль жүргізу машықтарын көрсетеді. Олар тұрғындары бар ауылдарда шартты қарсыласқа атыспен шабуыл жасап сайысады. Үшінші «Патрульді наряд» кезеңінде атыс, медициналық дайындық, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс және гранатаны дәлдеп лақтыру нормативтерін орындайды. Оған экстермалды элементтер арқылы патрульдік автокөлікті жүргізе отырып, құқық бұзушының шабуылын тойтару, ұстау кіреді.

«Ең қиыны және соңғы шешуші кезең – «Жүгіру» кезеңі. Мұнда ұзындығы 12 шақырымға созылған тас жолдағы табиғи және жасанды кедергілерді еңсеру қажет», – деді команда жаттықтырушысы полковник Виталий Федоров.

Алғаш рет «Тәртіп сақшысы» байқауы 2017 жылы Армия халықаралық ойындары аясында өткізіліп, біздің команда екінші орын алған болатын.


Соңғы жаңалықтар